Иранның шикі мұнайының Азияға эскпорты артуда
Маусым 01, 2017 15:50 Asia/Almaty
Иран мұнайының Азия мемлекеттеріне экспорты осы жылдың сәуір айында 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 23 пайызға артқан.
Иран мұнайының ірі азиялық тұтынушылары –ҚХР, Үндістан, Оңтүстік Корея мен Жапония 2017 жылдың сәуір айында Ираннан импорттайтын мұнай көлемін былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 23 пайызға ұлғайтқан. 2017 жылдың сәуір айында ҚХР, Үндістан, Оңтүстік Корея мен Жапония Ираннан күніне 1 миллион 600 мың баррель мұнай импорттаған.
Тегтер