Ауғанстанның Герат қаласындағы лаңкестік жарылыс салдарынан кемінде 30 намазхан шәһид болды
Ауғанстанның батысында орналасқан Герат қаласындағы бір мешітке жасалған жанкештілік шабуыл салдарынан кем дегенде 30 намазхан шәһид болды.
Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, шабуылдаушылар алдымен намазхандарға қарай оқ атып, содан кейін үстеріндегі жарылғыш жилеттерін адамдардың арасына барып жарып жіберген.
Ауғанстан ауруханаларының ақпарат көздері лаңкестік шабуыл салдарынан жараланғандардың санын кемінде 50 адам деп мәлімдеп, қаза болғандар мен жарақаттанғандардың арасында балалардың да болғанын хабарлады.
Гераттың Бекр Абад алаңында орналасқан "Джавадие" мешітіне шабуыл жасағандардың саны әлі анықталған жоқ. Бірақ кейбір ақпарат көздерінің куәгерлердің сөздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сейсенбі күні кемінде үш адам алдымен намазхандарға қарай оқ жаудырып, содан соң басқа екі адам жарылғыш жилеттер мен қолдан жасалған бомбаларды лақтыру арқылы өздерін жарып жіберген.
Герат қаласы өткен бір жылдан бері жауапкершілігін ДАИШ тобы мойнына алған мешіттерге жасалған жанкештілік шабуылдар мен жарылыстарға куә болып отыр.