ДАИШ Барселонадағы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды
(last modified Fri, 18 Aug 2017 12:16:23 GMT )
Там 18, 2017 18:16 Asia/Almaty
  • ДАИШ Барселонадағы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды

ДАИШ лаңкестік тобы бейсенбі күні Испанияның Барселона қаласының орталығында орын алған шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды.

Минивэн көлігінің жүргізушісі Испанияның Барселона қаласының орталығы Лас Рамблас ауданындағы адамдарға қарай шабуыл жасап, оннан астам адамды көлікпен басып өлтірді.

Испанияның Каталония аймағының басшылары шабуыл салдарынан 12 адамның қаза тауып, 80-нен астам адамның жарақаттанғаны туралы хабарлады. Испания полициясы бейсенбі күні кешке осы шабуылды жүзеге асырған Дрисс Оукабир деген адамды оқ атып өлтірді. ДАИШ лаңкестік тобы мұның алдында да осыған ұқсас шабуылдарды басқа еуропалық елдерде, соның ішінде Ұлыбританияда жасаған болатын.

Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестер, әсіресе Сириядағы лаңкестерге аямай көмек көрсеткен Еуропа елдері қазіргі кезде ДАИШ-тың еуропалық мүшелерінің отандарына оралып, лаңкестік шабуылдарымен бетпе-бет келіп отыр.

 

Тегтер