Там 22, 2017 22:28 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қоқан-лоққы жасады

Солтүстік Кореяның Қарулы күштері Пхеньянның дұрыс таңдау жасау жайлы ескертуін АҚШ-тың елемегеніне тоқталып, Вашингтонды рақымсыз жазалауға уәде берді.

Сеул мен Вашингтон дүйсенбі күні 17500 америкалық және 50000 оңтүстіккореялық сарбаз қатысып жатқан он күндік әскери жаттығуды бастады.

АҚШ армиясы өз мәлімдемесінде Оңтүстік Кореямен ортақ әскери жаттығуын ақтап: "Бұл іс-шара Вашингтонның өз одақтастарын қолдаудағы күш-қуатын арттырады",-деді.

 

 

Тегтер