Мәскеу АҚШ-тың жаңа санкцияларына жауап қайтаратынын қуаттады
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары сейсенбі күні Мәскеудің АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына орынды жауап қайтаратынын қуаттады.
АҚШ Қаржы министрлігі сейсенбі күні ресейлік және қытайлық 16 ұйым мен азаматтарға Пхеньянмен заңсыз сауда айналымы үшін санкция енгізді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сергей Рябков Мәскеу АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялар тізімінің кеңеюіне қарсы шара ойластырып жатқанын мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Вашингтонның Ресейге қарсы әрекеттерін қайталағанына тоқталып: «АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама кезеңінен басталған Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарының бұзылуы жалғасуда. Мәскеу әрқашан қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешуді талап етті. Вашингтон осы күнге дейін Ресейдің санкциялар тілін қабылдамайтынын, санкциялардың мәселені шешуге кедергі болатынын түсінбеді»,- деді.
Вашингтон бұдан бұрын сан рет Ресей мен Қытайға санкция салып, қоқан-лоққы жасау арқылы Солтүстік Кореяға қысым көрсетпек болды.