Ташкент-Алматы газ құбыры іске қосылды
Ресейдің "Газпром" компаниясы Ташкент-Алматы газ құбырын 40 жылдан кейін қайтадан іске қосты.
Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ташкент-Бішкек-Алматы газ құбырын қайтадан іске қосу рәсімі кеше кешке Қырғызстанда осы елдердің басшыларының қатысуымен өтті.
Сондай-ақ, бұл рәсімге Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейдің энергетика министрліктерінің лауазымды тұлғаларымен қоса, Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исақов және Ресейдің "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер де қатысты.
Бұл мәлімет бойынша, ұзындығы 111 км‑ді құрайтын Ташкент-Бішкек-Алматы газ құбырының қуаты жылына 1,7 млрд текше метр болады.
Ташкент-Бішкек-Алматы газ құбыры 40 жыл бұрын Кеңес үкіметі кезінде салынған. Сол уақыттан бері қайта жөндеуден өтпеген еді.
Газ құбыры желісі іске қосылған соң, осы құбыр арқылы Қырғызстанның "Алатау" ауданы тұрғындарын да газбен қамтамасыз етуге шешім қабылданды.
Аудандағы шамамен 6600 тұрғын газ құбырының игілігін көретін болады.