Джахангири: Иран аймақтың қауіпсіздігін нығайту үшін бар күшін салады
(last modified Sat, 25 Nov 2017 09:20:28 GMT )
Қар 25, 2017 15:20 Asia/Almaty
  • Джахангири: Иран аймақтың қауіпсіздігін нығайту үшін бар күшін салады

Иран вице-президенті: "Кейбір үкіметтердің Азияның батысы аймағында қақтығыс пен дағдарыс тудыруға бағытталған талпыныстарына қарамастан, Иран Таяу Шығыс тұрақтылығының орталығы саналады және аймақтағы қауіпсіздік, тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту үшін барлық әлеуеттері мен мүмкіндіктерін пайдаланады",- деді.

ИИР-ның вице-президенті: "Кейбір үкіметтердің Азияның батыс аймағында қақтығыс пен дағдарыс тудыруға бағытталған талпыныстарына қарамастан, Иран Таяу Шығыс тұрақтылығының орталығы саналады. Иран аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және бейбітшілікті нығайту үшін бар күшін салып, әлеуетін пайдаланады",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исхақ Джахангири жұма күні Боливияның Санта-Круз қаласында өткен газ экспорттаушы елдер форумының (GECF) төртінші отырысында: "Иран инвестиция тарту мен халықаралық компаниялардың белсенділік танытуы үшін қажет жағдайлар қалыптастырып, Газ экспорттаушы елдер форумына мүше барлық елдің мүдделерін қамтамасыз етіп,  форумның мақсаттарын жүзеге асыруды өзінің ұлттық, аймақтық және халықаралық әрекеттерінің негізгі мақсаты деп есептейді",- деп мәлімдеді.

Джахангири кез келген елге қарсы біржақты немесе жан-жақты санкциялардың алдын алу үшін үйлескен және бір бағыттағы саясаттарды қабылдауды қажеттілік екенін айтып: "Газ экспорттаушы елдер форумы басшыларының отырысын өткізу мүше елдердің мүдделерін қолдау үшін ортақ шешім жолдарын табу, әлемдік газ бен энергетика қорын арттыру шеңберіндегі саясаттарды үйлестіру мен мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейту бағытында өте пайдалы болады",- деді.

 

 

Тегтер