Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының отырысы Қазақстанда өтеді
(last modified Wed, 07 Feb 2018 14:33:41 GMT )
Ақп 07, 2018 20:33 Asia/Almaty
  • Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының отырысы Қазақстанда өтеді

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы Істер Министрлері телефон арқылы сұхбатта Каспий теңізі жағалауындағы елдердің басшыларының бесінші отырысын өткізу тақырыбын қарастырды.

Fars хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Қайрат Әбдірахманов пен Сергей Лавров 2017 жылдың желтоқсан айының 4-5 күндері өткен Каспий теңізі жағалауындағы елдердің СІМ-нің отырысында қабылданған шешімдерге сәйкес басшылар деңгейіндегі бесінші отырысқа әзірлік жасау туралы пікір алмасты.

Лавров сонымен қатар ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, халықаралық және аймақтық маңызды мәселелер, соның ішінде Каспий теңізі басшыларының алдағы отырысына әзірлік туралы кеңесті.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау ағымдағы жылы Қазақстанның бас қаласы Астанада басшылар деңгейінде өтетін  отырыстың негізгі тақырыбы болмақ.

Бұдан бұрын Ресей президентінің Каспий теңізі жағалауындағы елдермен ынтымақтастық жасау ісі бойынша арнайы өкілі Рамазан Абдулатипов отырыстың 2018 жылдың наурыз айының соңында өтуі мүмкін екендігін мәлімдеген болатын.

 

Тегтер