Бағдадта Иран, Ресей, Ирак пен Сирияның барлау комитеттерінің төртжақты отырысы өтті
(last modified Thu, 19 Apr 2018 14:52:50 GMT )
Сәу 19, 2018 20:52 Asia/Almaty
  • Бағдадта Иран, Ресей, Ирак пен Сирияның барлау комитеттерінің төртжақты отырысы өтті

Иран, Ресей, Ирак және Сирияның барлау комитеттерінің төртжақты отырысы Бағдадта Иранның Қорғаныс министрінің қатысуымен өтті.

Иранның Қорғаныс министрі бұл отырыстың басында лаңкестік топтарға қарсы тәулік бойы жасалған талпыныстарды маңызды деп бағалап: "Иран, Ирак, Сирия мен Ресейдің қатысуымен құрылған коалиция осы төрт елдің жоғары басшыларының ерік-жігерімен қалыптасты",- деді. Иранның Қорғаныс министрі үстемшілдіктің түрлі сылтаулармен адам құқықтарын сылтауратып, кез келген құқық бұзушылық пен басқыншылықты заңды әрекет ретінде көрсетіп отырғанына тоқталып: "Дұшпандар лаңкестікпен күрестің арқасында қол жеткізген жетістіктерге соққы беруді көздеп отыр. Бұған мысал ретінде жуырдағы үш батыс елі мен сионистік режимнің Сирияға қарсы жасаған бірнеше шабуылын атауға болады",- деп  баса айтты.

 

 

Тегтер