АҚШ Иранның газ экспортына санкция сала алмайды
Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Хамидреза Арақи Түркияның Иран газын импорттауды тоқтатуы үшін америкалықтар тарапынан қыспаққа алынғанына негізделген кейбір хабарларға сілтеме жасап: "Иранның Түркияға газ экспорты жалғасып жатыр. Бұл салада ешқандай қиындық жоқ.
Барлық елдер қоршаған ортаның ластануына байланысты мұнай және тас көмір отындарын газбен алмастыруды көздеп отыр. Түркия басшылары да Иран газын сатып алуды қуаттайды",- деді.
Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Иранның қазіргі таңда Түркияға 30 миллиард, Иракқа 24 миллиард текше метр газ көлемін экспорттап отырғанын айтып: "Бұл салада ешқандай қиындық жоқ. ИИР әлемдегі табиғи газ қорының 18,2 пайызы мен мұнай қорының 9,3 пайызына ие",- деді.