Қыр 29, 2018 11:07 Asia/Almaty
  • Америкалық коалиция 1100-ден астам бейбіт тұрғынды өлтіргенін мойындады

ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция бейсенбі күні өзінің ай сайынғы мәлімдемесінде 2014-ші жылдың тамыз айынан 2018-ші жылдың тамыз айының соңына дейін Сирия мен Иракты 30 мыңнан астам рет бомбалағанын, сол шабуылдарда осы уақытқа дейін 1114 сириялықтың өлгенін жариялады.

Сириядағы адам құқығы инспекторлары да өз мәлімдемелерінде: «Халықаралық коалицияның Сирияға қарсы шабуылының басталуынан, яғни 2014-ші жылдың жазынан бері 3331 қарапайым адам, соның ішінде 826 бала қаза болды»,- деп мәлім етті.

 

Тегтер