Қаз 21, 2018 23:17 Asia/Almaty
  • Қызыл крест халықаралық комитетінің басшысы Джабери Ансаримен кездесті

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі көмекшісі және Қызыл крест халықаралық комитетінің басшысы кездесіп, аймақтағы соңғы өзгерістер туралы пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі көмекшісі Хосейн Джабери Ансари мен Қызыл крест халықаралық комитетінің президенті Петер Маурердің жексенбі күнгі Теһрандағы кездесуінде Сириядағы соңғы өзгерістер, Астана келіссөздері, қамауға түскендер және жоғалып кеткендермен алмасу комитетінің жұмысы, әсіресе Идлибтегі адамдардың жағдайы, сондай-ақ, сириялық босқындарды үйлеріне қайтаруға қатысты мәселелер талқыланды. Екі жақ сонымен қатар Йемендегі өзгерістер, сол елдегі дағдарысты шешу жолындағы талпыныстар мен Йемен халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жеңілдету мәселелерін қарастырды. Йеменнің соғыстан зардап шегіп отырған халқына гуманитарлық көмек көрсету мен халықтың көріп отырған қиындықтарын азайту ИИР-ның күн тәртібіне қойылған",- деді.

   

 

 

Тегтер