Билл Гейтс саудиялық тақмұрагерінің ұйымымен ынтымақтастығын тоқтатты
Қар 02, 2018 21:19 Asia/Almaty
Bill & Melinda Gates Foundation саудиялық тақмұрагері Мұхаммад бен Салманға қатысты Misk ұйымымен ынтымақтастығын тоқтатты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл әрекет сауд режимін сынаған тілші Джамал Хашоғджидің өлімінен кейінгі Батыс компанияларының наразылығын білдіреді.
Гейтстің ұйымы мен Misk ұйымы өткен жылы құны 10 миллион доллар тұратын ортақ бағдарлама бастаған болатын. Гейтстің бағдарламадағы үлесі 5 миллион доллар деп жарияланды.