Ираннан әлемнің 47 еліне экспортталатын шафран көлемі 40 пайызға өсті
(last modified Sat, 03 Nov 2018 18:02:08 GMT )
Қар 04, 2018 00:02 Asia/Almaty
  • Ираннан әлемнің 47 еліне экспортталатын шафран көлемі 40 пайызға өсті

Иранның Ұлттық шафран кеңесі басшысының орынбасары шафран экспортының биылғы жылдың 6 айында (х.ш.ж.с.б. 1397 жылы) өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 40 пайызға өскенін мәлімдеді.

Иранның Ұлттық шафран кеңесі басшысының орынбасары Ғоламреза Мири ИИР Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында биылғы жылдың 6 айында құны 145 млн долларды құрайтын 105 тонна шафранның Ираннан әлемнің 47 еліне экспортталғанын хабарлады.  

Иранның Ұлттық шафран кеңесі басшысының орынбасары шафранның жұмыспен қамту, мұнайдан тыс өнімдердің экспортын дамыту, валюта әкелу қабілеті, жоғары қосымша құн салығын тудыру және басқа да көрсеткіштер бойынша маңыздылығына тоқталып, Иранның бүгінде әлемде «қызыл алтын» өндірісі бойынша бірінші ел ретінде танылғанын айтты.

 

Тегтер