АҚШ Сенаты Йемендегі соғысты қолдауды доғаруды сұрады
(last modified Thu, 29 Nov 2018 17:13:37 GMT )
Қар 29, 2018 23:13 Asia/Almaty
  • АҚШ Сенаты Йемендегі соғысты қолдауды доғаруды сұрады

АҚШ Сенаты бұл елдің Йемен соғысында Сауд режимін қолдауын доғаруға дауыс берді. 

Press TV-дің хабарлауы бойынша, Ақ үй мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Йемен соғысы мəселесін талқыламау туралы сұрағанына қарамастан, АҚШ Сенаты сəрсенбі күні 63 оң жəне 27 теріс дауыс беру арқылы АҚШ-тың Йемен соғысында Сауд Арабиясын қолдауын тоқтатуды талқылауға жол ашып берді. 
Республикашыл сенатор Майк Ли Сенаттың Йемен соғысын талқылау туралы отырысында: "Йемендегі жағдай қатты ушыққан. Соғыс ондаған мың жазықсыз адамның қазасына себеп болды. АҚШ-тың Йемен соғысында Сауд Арабиясын қолдауы жағдайды ушықтырып жіберді",-деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Сенат отырысында Сауд Арабиясының тақмұрагері Мұхаммад бен Салманның саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашоғджидің өліміне қатысы жоқтығын айтып, америкалық заң шығарушылардан АҚШ-тың Йемен соғысына араласуын қолдауды сұрады. 
Ақ үй сəрсенбі күні: "АҚШ-тың Йемен соғысында саудиялық коалицияны қолдауын тоқтату туралы заң жобасы қазіргі жағдайда қабылданбайды. Ол өзгертілуі керек. Кері жағдайда АҚШ Президенті оған вето жариялайды",-деп қоқан-лоққы жасаған болатын.

 

Тегтер