Лавров Польшаның Иранға қарсы конференция ұйымдастырып жатқанына өкініш білдірді
Ресей Сыртқы істер министрі Польшаның Иранға қарсы конференция өткізуді жоспарлап отырғанына өкініш білдіріп: "Бұл отырыс АҚШ-тың Иранды тоқтату мақсатында көздеген шараларын ілгерілету үшін өткізіледі",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Лавров сәрсенбі күні 2019 жылдың алғашқы баспасөз конференциясында: "Варшавада өтетін Иранға қарсы конференцияға қатысушылар оның қорытынды мәлімдемесінде ешқандай рөл атқармайды. Шын мәнінде конференцияның соңында АҚШ-тың өзі мәлімдеме жасайды",-деді.
Лавров халықаралық ынтымақтастықта мұндай тәсілдің қате екенін айтып: "Варшава конференциясына 50 елдің Сыртқы істер министрлері шақырылған, бірақ мәлімдемеде олардың ешқандай рөлі болмайды, олар тек тыңдармандар ғана.
Конференцияда Сирия мен Йемендегі қақтығыстар мен Иранның зымырандық бағдарламасы талқыланады. Аймақтың ең маңызды қақтығысы, яғни Палестина мен Израиль мәселесі бұл конференцияда назарға алынбайды",-деді.