Maм 04, 2019 20:25 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау аясындағы өте маңызды келісім. Алайда АҚШ осы келісімді жою мақсатында 2018 жылдың 8 мамырында одан шықты. Трамп үкіметі екі кезеңде – 2018 жылдың тамыз және қараша айларында Иранға қарсы ядролық санкцияларды қайта салып, санкциялық қысымдарын әлі жалғастыруда.

АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы өзінің жаңа шарасында Иранның ядролық жұмыстарына берілген рұқсаттардың үшеуінің күшін жойып, басқаларының мерзімін 180 күннен 90 күнге қысқартты. АҚШ Мемлекеттік департаменті, сондай-ақ, жұма күні кешкі бір мәлімдемесінде 4 мамырдан бастап Бушер АЭС-ін дамытуға, байытылған уран мен ауыр суды Ираннан экспорттау жұмыстарына көмектесетін кез келген үшінші елдерге санкция салыну ықтималдығын мәлімдеді. Алайда Бушер, Арак пен Фордудағы ядролық нысандар санкциялардан босатылған. АҚШ Мемлекеттік департаменті, сондай-ақ, осы мәлімдемеде Вашингтонның Иранға берілген межеден артық өндірілген ауыр суды жинауға рұқсат бермейтінін де айтты.  Алайда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша, Иранға уранды 3,67 пайызға байытуға рұқсат берілген. АҚШ-тың соңғы санкциясы іс жүзінде Иранда уран байыту жұмыстарын тоқтату деген мағынаны білдіреді.

Бұл мәлімдеменің басында: "Трамп үкіметі бұрынғыдай Иранды аймаққа қауіп төндіретін әрекеттерге жауапты санайды. Бұл саясат Иранды ядролық қаруға қол жеткізу жолдарынан мақұрым ету үшін жүргізіліп отыр",-деп жазылған.  

АҚШ мәлімдеме тарату арқылы іс жүзінде «бестік» тобындағы елдерге осы халықаралық келісімнің баптарын орындауға, соның ішінде  Иранның артық ауыр суын Оманға тасымалдауды жеңілдетуге, байытылған уранды уран тотығына айырбастауға және Ресейдің Бушер АЭС-ін дамыту саласында әріптестік жасауына тыйым салды.  

АҚШ-тың жаңа шарасы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының баптары мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына толығымен қайшы, тек Вашингтонның зорлықшыл талабы негізінде басқа елдердің Иранмен қандай да бір әріптестік жасауына кедергі келтіру үшін жасалып отыр. Шын мәнінде, Трамп үкіметі Иранның өткен жылы Помпео ұсынған 12 баптық талапқа қарсылығын ескеріп, енді өзі іске кірісіп, сол баптардың бірі, яғни Иранның ядролық белсенділіктерін тоқтатуды күш көрсетіп, мәжбүрлеу арқылы орындауды көздеп отыр.

АҚШ АҚХА-нің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық жұмыстары туралы есептеріне көңіл аудармайды, тек сионистік режимнің жалған уәждерін назарға алып отыр.

Бұған қарамастан, Иран АҚШ-тың қысымдары мен заңсыз талаптарына бар күш-жігерімен қарсылық танытып жатыр. АҚШ-тың "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының баптарын орындамай келеді" деген уәждеріне керісінше, «бестік» тобының мүшелері бұл бағдарламаны Иранның ядролық жұмыстарын бақылау үшін тиімді келісім санайды. Олардың пікірінше, Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясындағы өз міндеттемелеріне берік, ал бұл келісім өз мақсаттарын орындауда, яғни аймақтық және халықаралық деңгейде текетірес пен қайшылықтардың туындауының алдын алуда сәтті әрекет етіп отыр.

 

 

Тегтер