Солтүстік бағыт – Орта Азия арқылы есірткі заттарын тасымалдайтын жол
Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов есірткі заттары контрабандашыларының Орта Азия елдерінің аумақтарын «солтүстік бағыт» ретінде контрабанда жасау үшін қолдануға талпыныс жасап жатқанын хабарлады.
Абдулазиз Камилов Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында есірткі контрабандасымен күрес саласындағы аймақтық ынтымақтастықтың он бірінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Орта Азия елдерінде есірткі контрабандасымен күресу үшін атқарылған шараларға қарамастан, контрабандашылар Орта Азия елдерінің аумақтарын «солтүстік бағыт» ретінде пайдалануға талпыныс жасап жатыр.
Орта Азияға бағытталған есірткі контрабандасының негізгі ошақтарының бірі – Ауғанстан. Әлемдегі есірткі заттарының 90 пайыздан астамы осы елде өндіріледі»,-деді.
Есірткі заттары, кедейшілік, жезөкшелік, жеке және қоғамдық ауытқуларды бұл елдердің 26 жылдың ішінде атқарған саясаттарының теріс салдары деп түсіну керек. Шын мәнінде кедейшіліктің бұрын-соңды болмаған деңгейде артуы, түрлі химиялық және синтетикалық есірткі заттарын тұтынушылар саны мен жұмыссыздықтың артуы мен жезөкшеліктің таралуы – осының барлығы Орта Азия елдері басшыларының жиырма жылдан астам уақыт бойы жүргізген қате саясаттарының салдарынан осы ел халықтары душар болып отырған қоғамдық ауытқулардың қатарына жатады. Басқа сөзбен айтқанда, Орта Азия республикалары көптеген сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл қатерлердің әрқайсысы елдерді басқа да қиындықтарға душар ете алады. Терроризм мен лаңкестердің аймаққа енуі, ұлтаралық қақтығыстар, есірткі контрабандасы, жер және су дауы, ұйымдасқан қылмыстар, экстремизм, заңсыз миграция, халық санының өсуі мен жаппай кедейшілік Орта Азия елдеріне төнген қауіп-қатерлер болып табылады. Осы қауіптердің арасында есірткі контрабандасы мен оның таралып, тұтынылуы Орта Азия жастарын қатерге ұшыратып отыр.
Есірткі транзиті жолында орналасқан елдерде, әсіресе Орта Азия республикаларында түрлі есірткі заттарына тәуелділіктің артуы осы елдер үшін қашып құтыла алмайтын ортақ ауыр мәселе болып табылады. Шын мәнінде, Орта Азия республикаларында есірткі контрабандасымен күресіп, есірткіге тәуелділікті ауыздықтау үшін жұмыла әрекет етіп, әріптесу аса қажет. Бұл аймақ басшыларында әртүрлі қауіп-қатерге ұшырап отырғандықтан бір-бірімен серіктестік жасаудан басқа амал жоқ сияқты. Есірткі заттарының алдағы онжылдықта Орта Азия республикалары мен солтүстік бағыты жолында орналасқан елдердің ең маңызды мәселесі болары анық.