Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында жеткілікті деңгейде ұстамдылық танытты
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Теһранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты кейбір шараларды тоқтатқанына тоқталып: "Иран бұл бағдарламада жеткілікті деңгейде ұстамдылық танытты, бірақ Еуропа бұл мүмкіндікті әлі күнге дейін дұрыс пайдалана алмады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауы бойынша, сейіт Аббас Арақчи Теһранда Ұлыбритания СІМ-нің саяси директоры әрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы келісімгері Ричард Мурмен кездесуінде: "Еуропа Иранның кезең-кезеңмен өз міндеттемелерін азайту ниетіне немқұрайлы қарамауы керек",-деді.
Арақчи, сондай-ақ, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалған елдердің (Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай мен Ресей) өз міндеттемелерін орындауы қажеттігін айтып, Еуропадан алдағы 60 күннің ішінде әсіресе мұнай мен банк салаларына қатысты сындарлы шаралар атқаруын сұрады.
Ричард Мур осы кездесуде Ұлыбританияның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне тоқталып, Лондонның Еуропа мен Иранның арнайы қаржы механизмін (INSTEX) іске қосуға талпынып жатқанын айтып: "Ұлыбритания Ираның талап-тілектерін орындауға бағытталған талпыныстарын жалғастырады",-деді.