АҚШ Иранға әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққыдан кері шегінді
(last modified Sat, 18 May 2019 13:30:14 GMT )
Maм 18, 2019 19:30 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққыдан кері шегінді

АҚШ Президенті Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде де, 2017 жылдың қаңтар айында Ақ үйге келген кезде де ИИР жүйесін әлсірету және жою саясатын ұстанып отыр. Вашингтон барынша қысым жасау саясаты аясында Иранға қарсы экономикалық соғыс бастады, мұнымен бір мезгілде соңғы бірнеше аптада Иранға әскери қоқан-лоққылар жасауға кірісті.

Бұған қарамастан, Иранның кез келген басқыншылықтың бетін қайтаруға дайын екенін айтуы және АҚШ-тың іші мен сыртында, тіпті Вашингтонның еуропалық одақтастары тарапынан Трамптың Теһранға қатысты саясаттарына ауқымды қарсылықтардың білдірілуі Трамп үкіметінің алғашқы ұстанымдарынан кері шегінуіне себеп болды.

Осыған орай АҚШ-тың «Time» журналы Вашингтонның Иранға шабуыл жасауға ешқандай жоспарының жоқтығын айтып: «Пентагондағы әскери тұлғалардың сенімінше, мұндай шабуыл бірнеше айлық жоспарлауды қажет етеді»,-деп жазды.  

«Time» журналының хабарлауынша, Пентагонның аймақтағы америкалық күштерді бақылау және жоспарлаумен айналысатын үш әскери тұлғасы: «Парсы шығанағы аймағына ауқымды күш жіберу туралы шынайы орындалатын жоспар немесе соған ұқсас жоба жоқ»,-деді.  

Соңғы екі аптада Трамп үкіметінің соғысқұмар тұлғалары, яғни Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон мен Мемлекеттік хатшы Майк Помпео өз сөздерінде: «Иран мен оның жалдамалылары аймақтағы америкалық күштерге шабуыл жасап, олардың одақтастарының мүдделеріне қауіп төндіруді мақсат тұтып отыр. Бұл мәселе Вашингтонның әскери реакциясымен бетпе-бет келеді»,-деп ескертті.

Болтон мен Помпео Иранға қарсы әскери қоқан-лоққы жасау арқылы Теһранды тығырыққа тіреп, Иранның ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін сақтау аясында әрекет етуіне кедергі келтіреміз деп ойлайды.

Ал ИИР АҚШ немесе оның аймақтағы одақтастары тарапынан жасалатын кез келген әскери қоқан-лоққы мен ықтималды шабуылға кесімді жауап беретінін сан рет қуаттады.

Қазір Трамптың Иранға әскери қоқан-лоққы жасау ұстанымынан кері шегінгені  туралы хабарлар таратылып жатыр.

«New York Times» газеті Трамптың АҚШ Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Патрик Шанаханға Иранмен соғысуды қаламайтыны туралы айтқанын хабарлады.

«New York Times» газеті 3 америкалық дереккөзіне сілтеме жасап, Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонның Батыс Азияға қатысты саясаттарды жобалайтынының Трампқа ұнамайтынын хабарлады. Бұл мәселе және Болтонның Трамптың осы аймаққа қатысты саясаттарына риза болмауы Трамп үкіметіндегі Болтонның болашағына күмәндардың туындауына себеп болды.

АҚШ басшылары бүгінде Иранмен әскери қақтығыстан туындайтын ауыр қатерлерді басқа кезден көбірек түсінеді. Сондықтан Трамп үкіметінің соғысқұмар қоқан-лоққыларын жуып-шаюға талпынып жатыр.

Ал Иран кез келген әскери басқыншылыққа төтеп беруге әрдайым дайын  болу саясатын ұстанып отыр.  

Тегтер