Шіл 01, 2019 18:15 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ-тың ядролық арсеналын нығайтатынын қуаттады

АҚШ Президенті Дональд Трамптың әскери саладағы маңызды саясаттарының бірі - бұл елдің ядролық әлеуетін нығайту. Трамптың билігі кезінде АҚШ-тың ядролық арсеналын жаңалауға орасан бюджет бөлінді.

 

Дональд Трамп бұл салада кеше, 30 маусымда елінің ядролық арсеналын нығайтып, жаңа қарулар жасап шығаруды көздейтіні туралы айтты. АҚШ Президенті Оңтүстік Корея астанасы Сеулге жақын жерде орналасқан "Осан" әуе базасында: "Біз осы кезде ядролық арсеналды жаңалау, мүмкіндікке қарай толық жақсарту, сондай-ақ жаңа ядролық қару шығарумен айналасудамыз. Біз еш уақытта оларды пайдаланғымыз келмейді, бірақ олардың ең дамыған түрлеріне иеміз",- деді. Трамп өзінің қайшылыққа толы сөзінде АҚШ-тың ядролық қаруды пайдаланғысы келмейтіні туралы уәжденді, бірақ кейін: "АҚШ әскерилері басып-жаншитын құдыретке ие болып, бұл қарулардың қолданылмайтындарына үмітті болулары керек",- деп сөзін жалғастырды.

Зерттеулер бойынша, АҚШ шамамен 3800 ядролық оқтұмсыққа ие. Олардың ішінде 1750 ядролық оқтұмсық баллистикалық зымырандар мен бомба атқыштары арқылы  оларды тасмалдайтын мүмкіндікке ие зымырандарға орнатылған.  Қалған 2050 ядролық оқтұмсығы қорында сақталуда. АҚШ 150 В-61 атом бомбасын Бельгия, Италия, Германия, Түркия және Голландиядағы базаларында орналастырды. Трамп үкіметі әшкере түрде елінің ядролық арсеналын дамытуды көздеуде. Вашингтонның көзқарасынша, қоқан-лоққы көрсететін құрал ретінде ядролық арсеналды жаңарту маңызды болып табылады.  Трамп АҚШ-тың ядролық қару шығару күшінің төмендеуіне тоқталып, бұл жағдайды өзгерткісі келетінін қуаттады. АҚШ ядролық арсеналын арттыру және жаңарту үшін жаңа ядролық сынақтар өткізбек. Бұл салада 2019 жылы бұл елдің әскери бюджеті 24 миллиард долларға жетті. Трамп үкіметі АҚШ-тың ядролық арсеналы мен ядролық стратегиясы салаларында белсенділік танытуда.  Трамп  «бірінші ядролық соққы» стратегиясын өмірлік маңызды нұсқа ретінде қуаттап, әлем бойындағы ядролық шабуылға деген алаңдушылықты жаңғыртып, Ресей мен Қытай сынды ядролық құдыреттерге әшкере қоқан-лоққысын көрсетті. Трамптың бұл ұстанымы АҚШ-тың жаңа ядролық жағдайына байланысты құжатта анық байқалады. Қару-жарақты бақылайтын белсенділер АҚШ-тың ядролық мәселеге қатысты қазіргі ұстанымын сынап, олардың ядролық соғыстың орын алу қауіп-қатерін арттырғандарына алаңдаушылық білдірді. Негізінде Трамп үкіметінің ядролық саясатының соғысқұмарлығы Обама үкіметінің ядролық доктринасынан артуда.

 

Тегтер