Иран ТМД ұйымының темір жол кеңесінің толық мүшесіне айналды
ИИР-ның бақылаушы мүшелігі ТМД ұйымының темір жол тасымалы кеңесінің 71-ші отырысында барлық мүшелердің келісімімен толық мүшелікке айналды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ТМД ұйымының темір жол тасымалы кеңесінің 71-ші отырысы сәрсенбі, ейсенбі күндері Беларусь астанасы Минск қаласында өтті.
Отырысқа ИИР Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары әрі Темір жол компаниясының директоры Саид Расули бастаған ирандық делегация қатысты.
ИИР Темір жолы 2013 жылдан бері ТМД ұйымының темір жол тасымалы кеңесінің бақылаушысы болды.
ТМД ұйымының темір жол тасымалы кеңесінде мүше елдердің темір жол жұмыстарын үйлестіру, халықаралық жолаушы және жүк тасымалы, жүк вагондары мен контейнерлерді ортақ пайдалану және тасымал қызметіне қатысты келісімдер талқыланады.