Пентагон: Иранның зымырандық шабуылында 50 америкалық әскеридің миы шайқалған
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45304
Пентагон Иранның Ейн-әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылында жараланғандар санының артқанын хабарлап: "50 америкалық әскери Иранның зымырандық шабуылында миы шайқалды",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 29, 2020 21:41 Asia/Almaty
  • Пентагон: Иранның зымырандық шабуылында 50 америкалық әскеридің миы шайқалған

Пентагон Иранның Ейн-әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылында жараланғандар санының артқанын хабарлап: "50 америкалық әскери Иранның зымырандық шабуылында миы шайқалды",-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пентагонның ақпарат хатшысы Томас Кэмпбел сәрсенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде: "Осы күнге дейін 50 америкалық әскеридің миы шайқалғаны  анықталды. Олардың 31-і Иракта емделіп, қызмет орнына қайтып оралды. Басқа бір тобы тексерістен өтіп, емделу үшін Германияға жіберілді",-деді.

Оның айтуынша, науқас сарбаздардың тағы бір тобы Кувейтте емделіп, қазір қызметтеріне қайтып оралған.  

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның Ейн-әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылында қаза тапқандар мен жараланғандардың болмағанын айтқан жағдайда Вашингтон біртіндеп америкалық әскерилердің жараланғанын мойындап жатыр.