Италия үкімет басшысы Иранмен қол қойылған келісімшарттарды іске асыруды қуаттады
(last modified Wed, 13 Apr 2016 15:03:55 GMT )
Сәу 13, 2016 21:03 Asia/Almaty
  • Италия үкімет басшысы Иранмен қол қойылған келісімшарттарды іске асыруды қуаттады

Италия үкімет басшысы Иранмен қол қойылған келісімшарттарды іске асыруды қуаттады.

Италияның үкімет басшысы Маттео Ренци Теһранда Иран мен Еуропаның экономикалық отырысында Иранмен қол қойылған келісімшарттарды іске асыруды қуаттап, еуропалық «UniCredit» банкінің Иранда өз филиалын ашу үшін ирандық қайраткерлермен келісімшартқа қол қойғанын еске салды.

Ренци «Жібек жолын» жандандыруды, тамақ өнеркәсібі саласында ынтымақтастық жасауды италиялықтардың Иранмен ынтымақтастық жасауда ерекше көңіл бөліп отырған өзге салалар деп атап, Иран мен Италия арасындағы экономикалық және сауда-саттық байланыстарды кеңейту бағытында банк мәселелеріне назар аударуды елінің көңіл бөліп отырған келесі басты бағдарлары деп мәлімдеді.

Италия үкімет басшысы сондай-ақ ислам революциясының мәртебелі жетекшісі және ИИР президентімен өткен кездесулеріне сілтеме жасады.

Италияның жекеменшік және мемлекеттік бөлімінің өкілдері мен Иранның сауда, өнеркәсіп және кен палатасының бірнеше мүшесі Италия үкімет басшысы және Иранның Өнеркәсіп, шахта әрі сауда министрінің қатысуымен энергия, болат, коммуникация мен әуе қатынасы, әуежай және медицинаның түрлі бөлімдерінде 12 ынтымақтастық келісімшартына қол қойды.

Италия үкімет басшысы Маттео Ренци сейсенбі күні саяси және экономикалық 250 кісілік делегацияны бастап, Теһранға келді.