Нау 19, 2020 21:31 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын жою талаптары артты

Әлемде, соның ішінде Иранда коронавирус таралып, онымен жан-жақты күресу қажет болып жатқан жағдайда АҚШ бұрынғыдай Иранға барынша қысым жасау саясаты аясында санкцияларды күшейтуге табандылық танытып, жүйелі түрде Теһранға қарсы жаңа санкциялар жариялап жатыр.

АҚШ Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық жұмыстарын сылтауратып, ядро саласындағы бірнеше ирандық ғалымға санкция салды. Вашингтон Иранның ядролық тізбегінде соңғы кезде жұмыстардың күшейтілуін Теһранның әлем бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне шынайы қатер төндіру ықтималының дәлелі деп бағалап отыр. АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдемесінің бір бөлігінде: «16 наурызда Иран режимінің ядролық жұмыстарды қабылдауға келмейтін деңгейде арттыруына жауап ретінде АҚШ Сауда министрлігі 5 ирандық ғалымға шектеулер енгізді»,-делінген.

Трамп үкіметі Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуының еуропалықтардың осы келісімдегі міндеттемелерін, АҚШ-тың 2018 жылдың мамыр айында осы келісімнен шығып, Иранға қарсы қайта салған біржақты санкцияларының әсерін азайтуға шаралар қолданбағанына реакция ретінде 5 қадам барысында атқарылғанына қасақана көз жұмып отыр. Осындай жағдайға себеп болған Вашингтон қазір Иранның соңғы ядролық белсенділіктері, соның ішінде байытылған уран көлемін арттыру немесе уран байыту межесін арттыруды Теһранның ядролық қару жасауға талпынысы деп тәпсірлеп отыр. Ал бұл жағдайда АҚХА өзінің 16 есебінде Иранның ядролық бағдарламасында ауытқушылықтың жоқтығын ашық түрде растады. Тіпті соңғы есебінде Иранның ядролық міндеттемелерін азайтуына қатысты мәселелерді қарастырды, бірақ бұл елдің ядролық қару жасау бағытында әрекет ету ықтималына тоқталмады.  

Трамп үкіметінің Иранға қарсы жаңа санкциялық шаралары соңғы екі күнде, яғни  сейсенбі-сәрсенбі күндері бұл елдің мұнай-химия мен ядро салаларын қамтыды. Ал бұл кезде Иран коронавируспен күресіп жатыр және басқа кезден көбірек дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды қажет етеді және вирусты жеңу үшін басқа елдердің көмегіне зәру. Вашингтонның  санкциялары коронавирустың таралуымен күрес жолында үлкен кедергі саналады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жалған уәж айтып, АҚШ-тың коронавируспен күресу үшін Иранға көмек жіберуге дайын екенін айтты. Помпео: «Біз Солтүстік Кореяға да, Иранға да көмектесуге ұсыныс жасадық. Керекті құрал-жабдықтарды БҰҰ органдары немесе басқа елдер арқылы жібере аламыз»,-деді.  Бұған қарамастан АҚШ бұл салада іс-шара атқармағаны былай тұрсын, қолынан келгенше кедергі жасап бақты. Шындық мынада: Вашингтон тек сөз жүзінде Иранға қарсы санкцияларды азайтуға уәде береді.  

Тегтер