Maм 28, 2020 17:20 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жеңілдіктердің күшін жойды

АҚШ 2018 жылы 8 мамырда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранға қарсы ядролық санкцияларды күшіне енгізді. Санкциялар біржақты әрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы еді. Вашингтон кейбір жеңілдіктерді, соның ішінде Иранның ядролық әріптестігіне берілген рұқсатты сақтауға мәжбүр болғанымен енді оны да тоқтатты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ядролық жеңілдіктердің күшін жойып, Иранның ядролық бағдарламасына қайта санкция салады»,-деп мәлімдеді.

АҚШ Қаржы министрлігінің сыртқы активтерді бақылау кеңсесі де бұдан бұрын «Вашингто Пост» газетінде ядролық жеңілдіктердің жойылғаны туралы жарияланған ақпаратты растады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Бушер АЭС-імен ядролық әріптестікке салынған санкциядан босату мерзімін 90 күнге ұзартты. Алайда Ресей, Қытай және Еуропа компанияларының Иранмен бейбіт ядролық әріптестігіне салынған санкциядан босату мерзімін ұзартпайды.  Батыс сарапшыларының айтуынша, жеңілдіктерді жариялау Теһранның уран байыту деңгейін арттыруға талпынысын азайтып, осы елдің ядролық бағдарламасы туралы ақпарат алу үшін құнды терезе саналған.

Иран «4+7» тобының кейбір елдерімен, соның ішінде Ресей және Қытаймен ядролық нысандарда ортақ жобалар орындап жатыр. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға қарсы біржақты санкциялар жариялағанымен, Вашингтон Иранмен ядролық әріптестікке қатысты санкциялардан босату ережесін сақтауға мәжбүр болып келді. Трамп үкіметінің бұл шарасы қайырымдылықтан емес, мәжбүрліктен жасалды, өйткені Иранмен бейбіт ядролық әріптестіктер – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тармақтарының бірі. Осы негізде АҚШ-тың сол кездегі үкіметі Иранға ядролық бағдарламада қолданылатын тауарларды экспорттауға қатысты кейбір біржақты санкциялардан босату ережесін жариялаған болатын. Трамп үкіметі де  2018 жылы 8 мамырда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанына қарамастан, Иран мен «4+1» тобы мүшелерімен арадағы ядролық әріптестіктерді санкциялардан босатқан болатын. АҚШ-тың мақсаты Иранның уран байытуды белгілі бір деңгейде сақтап, оны жоғарылатпайтынына сенімділікті арттыру болды. Бұған қарамастан, Вашингтон 2019 жылдың ортасында кейбір жеңілдіктерлің, соның ішінде Ираннан ауыр су және аз байытылған уран сатып алуға салынған санкциядан босатудың күшін жойды. АҚШ-тың бұл әрекеті ядролық бағдарлама мен БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің №2231 қарарына қайшы, тек Трамп үкіметінің зорлықшыл талабы негізінде басқа елдердің Иранмен ядролық әріптестік жасауына тосқауыл қою үшін атқарылған еді. АҚШ-тың Иранға қарсы барынша қысымы тығырыққа тірелген соң, енді Трамп үкіметі «4+1» тобы мүшелерінің Иранмен ядролық әріптестік саласында қалған аз ғана жеңілдіктің өзіне шыдамай, оларды да санкция аясына енгізді.  

 

Тегтер