Шіл 26, 2020 18:26 Asia/Almaty
  • CNN: Помпео – АҚШ тарихындағы ең нашар мемлекеттік хатшы

Бір америкалық ақпарат құралы өз сараптамасында Майк Помпеоны АҚШ тарихындағы ең нашар мемлекеттік хатшы деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың CNN ақпарат арнасының тілшісі Дэвид Миллер Майк Помпеоны біржақты қатынасы үшін АҚШ тарихындағы ең нашар мемлекеттік хатшы деп атады.

Карнеги қорының аға мүшесі Дэвид Миллердің пікірінше,  Помпео АҚШ Мемлекеттік департаментін саясиландырып, өзінің жеке мақсаттарына пайдаланып, Дональд Трампты заң алдында жауап беруден қорғау үшін түрлі шаралар атқаруда.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Дональд Трамптың Қытай мен Ресейге қарсы кампаниясын қолдап, ілгерілетіп жатыр. Помпео соңғы айларда әртүрлі себептермен, соның ішінде коронавирустың таралуы мен Гонконг мәселесіне байланысты сынға ұшырады.

Тегтер