Ирандық фильм Варшава кинофестивалінде ең үздік анимация жүлдесін жеңіп алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48665
Иранның «Ақ кит» атты анимациялық фильмі алғаш рет халықаралық сахнада көрсетіліп, Польшаның Варшава кинофестивалінде ең үздік анимация жүлдесін жеңіп алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 18, 2020 19:08 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм Варшава кинофестивалінде ең үздік анимация жүлдесін жеңіп алды

Иранның «Ақ кит» атты анимациялық фильмі алғаш рет халықаралық сахнада көрсетіліп, Польшаның Варшава кинофестивалінде ең үздік анимация жүлдесін жеңіп алды.

36-шы Варшава кинофестивалі 9-18 қазан аралығында Польшада өтті. Амир Меһранның режиссерлігімен түсірілген «Ақ кит» атты анимациялық фильмі ең үздік анимация жүлдесін жеңіп алды.  Амир Меһран – осы фестивальдің жарыс бөліміне қатысқан жалғыз ирандық.

«Ақ кит» атты анимациялық фильмі осы жүлдеге ие болғаннан кейін «Оскар» жүлделер академиясының жарысына да қатысатын болады.

Осы он минуттық анимациялық фильмде жылдар бұрын әуе шабуылында достарын жоғалтқан ер адамның оларды тауып алуға талпынысы бейнеленген. Оның қолындағы жалғыз белгі – ақ кит.