Қаз 18, 2020 19:58 Asia/Almaty
  • Баку мен Ереван арасында атысты тоқтату бітімі жарияланды

Қарабақ аймағында қақтығысып жатқан тараптардың атысты тоқтату бітіміне көңіл аудармауына қарамастан, Әзірбайжан мен Армения басшылары бүгін, жексенбі сағат 00:00-де (18 қазан) тағы да атыстың тоқтатылғанын жариялады.

Армения үкіметі сенбі күні кешке Әзірбайжанмен жаңа атысты тоқтату бітімі жасалғанын хабарлады. Бұл жаңа келісім 18 қазан, жексенбі күні сағат 00:00-де күшіне енді. Бұдан бұрын Әзірбайжан үкіметі гуманитарлық мақсатта атысты тоқтату бітімін жасауға келісім бергенін хабарлады.

Жаңа бітім өткен сенбі күні таңертең Мәскеудің араағайындығымен жауласушы тараптардың атысты тоқтату бітіміне қол қойған жағдайында жарияланды. Алайда Мәскеу бітімі бес минуттан кейін бұзылып, екі жақ бір-бірін бітім талаптарын бұзды деп айыптауға кірісті.

Әзірбайжан мен Армения  алғаш рет 1994  жылы атысты тоқтату бітіміне қол қойды. Минск тобы басшыларының араағайындығымен қол қойылған бұл келісімде басынан-ақ бір түбегейлі мәселе болды. Онда атысты тоқтату бітімінің бұзылғанын бақылайтын тетік қарастырылмаған болатын. Осы мәселе өткен 25 жылда жауласушы тараптардың бір-бірін бітім ережесін бұзды деп айыптауына себеп болды.

Осы аралықта кейбір елдер, әсіресе аймақтан тыс авантюрист елдер осы аймақ халықтарының тыныштығын бұзуға күш салуда. Мысалы, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жуырдағы сөздері  бұл елдің Минск тобына мүше және басшылардың бірі болғанына қарамастан, әлі күнге дейін  екіқырлы позиция ұстанып отырғанын көрсетеді.  Майк Помпео Атлантаның жергілікті ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында Әзірбайжан мен Арменияның Қарабақ қайшылығындағы кейбір үшінші жақтардың рөлін сынға алып: «Түркия Қарабақ қайшылығына араласып, Әзірбайжанға көмек көрсетті. Бұл қақтығыстардың қатерін арттырады»,-деді. Ол, сондай-ақ: «Армяндар  өздерін әзірбайжандықтардың іс-қимылдарынан қорғай алады»,-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұл сөздері бейтараптық принципін бұзғандықтан  Әзірбайжан үкіметінің қатаң реакциясына ұшырады.

Осы салада сионистік режимнің Оңтүстік Кавказ аймағында тұрақсыздықты жалғастыруға бағытталған іс-шаралын назардан тыс қалдыруға болмайды.   

Ресейлік саяси сарапшы Леонид Савин осы салада  IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Израиль режимі бұрын Әзірбайжанда жасырын әскери база орналастыруға тырысты. Сол себепті сионистік режим бір жағынан Әзірбайжанға көп қару-жарақ сатып, екінші жағынан  Кавказ аймағында жаңа соғыс ошағын қалыптастыру мақсатында Қарабақ қайшылығының өршуіне арандатуы ғажап емес»,-деді.

АҚШ пен Израильдің Кавказ аймағындағы іс-қимылдары ИИР-ның әрдайым тараптарды қақтығыстарды тоқтатып, ұстамдылық танытып, келіссөзді бастауға шақырған жағдайында жасалып жатыр.  

Тегтер