Там 06, 2021 17:21 Asia/Almaty
  • Еуропаның тағы үш елі Раисиді құттықтады

Еуропаның үш елінің басшылары жеке-жеке хатта сейіт Ибраһим Раисиді ИИР президенті болып сайлануымен құттықтады.

Италия президенті Серджо Маттарелла, Португалия президенті Марселу Ребелу ди Соуза және Бельгия премьер-министрі Александр де Кроо өз жолдауларында Раисиге сәттілік тілей отырып, Теһранмен қарым-қатынасты дамытуға әзір екендерін мәлімдеді.

Бұдан бұрын еуропалық елдер, соның ішінде Аустрия, Франция, Хорватия, Ұлыбритания, Сербия мен Швейцария да жеке-жеке хат жолдап, Раисиді он үшінші президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады.

Тегтер