Путин Еуропаның Ресеймен газ келісімшарттарының күшін жойғанын сынады
Қаз 07, 2021 16:16 Asia/Almaty
Ресей Президенті Еуропа мен Мәскеу арасындағы ұзақ мерзімді газ келісімшарттарының күшін жойғанына тоқталып, еуропалықтардың бұл шарасын үлкен қателік деп атады.
Владимир Путин еуропалықтардың ұзақ мерзімді газ келісімшарттары көлеміне қатысты саясатын сынап: «Брюссель табиғи газ саудасында ұзақ мерзімді келісімшарттардың үлесін азайтып, бағасы ең жоғары деңгейге жеткен жергілікті нарыққа бет бұрып, үлкен қателік жасады»,-деді.
Путиннің бұл сөздері кейбір еуропалық елдердің «Газпром» компаниясымен 25 жылдық газ келісімшарттарының түрлі фазаларының күшін жою үшін қолданған шарасына қатысты айтылды.