Иран мен АҚШ арасында ешқандай байланыс жоқ
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы дүйсенбі күні баспасөз отырысында Батыстың кейбір ақпарат құралдарында АҚШ-тың Иранға Бағдатта екіжақты диалог өткізуге ұсыныс жасағаны туралы таралған ақпаратқа жауабында: «ИИР мен АҚШ арасында диалог болмағанына ұзақ уақыт болды»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде: «Бұл жөнінде біздің ұстанымымыз айқын. АҚШ №2231 қарарды бұзды, заңсыз түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты, осы ядролық келісімді жоюға талпыныс жасады, Иран халқына қарсы заңсыз зұлым санкциялар салды. Осы жағдай өзгертілмейінше Иран мен АҚШ арасында ешбір қалыпта байланыс орнамайды»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Еуроодақ әрекетсіздіктен шығып, өзін белсенді ойыншыға айналдыруы тиіс»,-деді.
Хатибзаде: «Иран исламдық сенім мен Ислам революциясы жетекшісінің пәтуасына сәйкес ешқашан жаппай қырып-жоятын қаруды иеленуге ұмтылған емес, ұмтылмайды да. Елдің қорғаныс доктринасында бұған орын жоқ»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран мен Ауғанстан арасындағы келісімшарт туралы: «Ауғанстанның қазіргі басшылығы бұл келісімшартты орындауға міндетті»,-деді.