Зариф БҰҰ Бас ассамблеясының тұрақты даму отырысында сөз сөйледі
ИИР Сыртқы істер министрі тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы ең маңызды бағдарды экстремизм және қатігездікпен күресу деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Нью-Йорк уақыты бойынша түстен кейін БҰҰ Бас ассамблеясының тұрақты даму мақсаттарына жету тақырыбына арналған отырыста Иранның тұрақты дамудың 2030-шы бұйрығын толығымен орындауға табанды екендігін қуаттап: «Тұрақты даму мақсаттарына жетудің ең маңызды бағдары – Таяу Шығыс аймағы мен одан тыс жерлерді қиратып жатқан экстремизм және қатігездікпен күресу. Иран үкіметі түйткілдер мен кедергілерге, соның ішінде әділетсіз шектеулер мен санкцияларға қарамастан, тұрақты дамуда белгіленген мақсаттарды орындау үшін өтпелі үдерісті бастап, осы салада стратегиялық қатынасты бетке алды. ИИР басты мәселелерді, соның ішінде кедейшілікті тамырымен жоюды, су көздері мен қайта қалпына келетін қуат көздерін тұрақты басқару, тұрғын үймен қамтамасыз ету, шөлдің таралуы және ормандардың жойылуымен күресу үшін басты бағыттарды айқындады»,-деп қуаттады.