Венгрия ресейлік газ эмбаргосына қайта қарсылық білдірді
Маусым 28, 2022 17:26 Asia/Almaty
Венгрияның Сыртқы істер министрі Еуропамен Ресей газына тыйым салу туралы келіссөз жүргізгісі келмейтінін мәлімдеді.
Петер Сийярто Люксембургте өткен Еуропа кеңесінің көлік, коммуникация және энергетика жөніндегі отырысына қатысып: «Венгрия Еуроодақтың басқа елдермен ресейлік газды жеткізуге тыйым салу туралы келіссөздер жүргізуге де ниетті емес, өйткені бұл тыйым ел экономикасын күйретеді»,- деді. Ол бұл кездесуге тек нақты күн тәртібімен, Венгрияның ресейлік газ эмбаргосы туралы келіссөздер жүргізгісі келмейтінін жариялау үшін келгенін айтты.
Тегтер