Еурокомиссия басшысы газ жеткізу мақсатында Бакуге сапар шегеді
(last modified Mon, 18 Jul 2022 08:04:10 GMT )
Шіл 18, 2022 14:04 Asia/Almaty
  • Еурокомиссия басшысы газ жеткізу мақсатында Бакуге сапар шегеді

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен дүйсенбі күні Әзірбайжаннан көбірек табиғи газ алу мақсатында Бакуге барады.

  

Еуропалық Одақ Украинадағы соғыстан бері Ресейдің энергетикасына тәуелділігін азайтуға тырысуда. Еуропалық комиссия Twitter-де: «Ресейдің энергиямен қамтамасыз етуді милитаризациялауын жалғастыру аясында энергия импортын әртараптандыру ЕО-ның басымдықтарының бірі болып табылады»,- деп жазды.

Дәл осындай мақсатпен Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен мен Еуропалық энергетика комиссары Кадри Симсон дүйсенбі күні Әзірбайжанға барады.