Қазақстан Ауғанстанмен әріптесуге дайын
Қазақстан СІМ-нің арнайы өкілі осы елдің Ауғанстанмен сауда және гуманитарлық қатынасты одан ары кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.
«Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» атты халықаралық конференция Орта Азия елдері, Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкістан мен БҰҰ-ға қарасты түрлі агенттіктер мен институттар өкілдерінің қатысуымен Өзбекстанда өтті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан СІМ-нің арнайы өкілі Талғат Қалиев осы конференцияда Ауғанстан мәселесін шешу үшін бірлескен аймақтық қатынас қажет екенін және БҰҰ-ның рөлін арттыру керегін айтты.
Конференцияға қатысушылардың барлығы әлеуметтік және экономикалық қиыншылықтарды шешу үшін Ауғанстанға көмектесу керегін құптады.