Ресей Украинада өз бақылауына алған аймақтардың оқушыларына қаржылай көмек береді
(last modified Thu, 25 Aug 2022 10:02:28 GMT )
Там 25, 2022 16:02 Asia/Almaty
  • Ресей Украинада өз бақылауына алған аймақтардың оқушыларына қаржылай көмек береді

Ресей үкіметі Украинада өз бақылауына алған аймақтарда тұратын оқушылардың ата-аналарына қаржылай көмек беруге бұйрық шығарды.

Кремльдің хабарлауынша, Ресейдің бақылауындағы Донецк, Луганск, Запорожье, Харьков және Херсон облыстарында тұратын 6-18 жастағы балалардың ата-аналарына оқу жылына көмек ретінде 10000 рубль (167 доллар) беріледі.

Кремль өз бақылауындағы облыстардың мектептерінде Ресейдің оқу бағдарламасын таныстыруға талпынып жатыр деген ақпараттар бар.

Ресейде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.

Тегтер