Амир Абдуллахиан: Америкалықтар реалистік қатынас көрсетуі керек
Иран Сыртқы істер министрі: "Егер америкалықтар реалистік қатынас көрсетсе, Иранға қарсы зұлым санкцияларды жою туралы келісімге жетуге болады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жұма күні Занзибар Президенті Хұсейн Мвиньимен кездесуінде Иранға қарсы санкцияларды жою үшін көп талпыныс жасалғанын айтып: "ИИР мен қарсы тараптар келісімге келу үшін қорытынды кезеңдерді бастан өткеріп жатыр",-деді.
Занзибар Президенті Иран Президентінің оны Тегеранға ресми сапармен келуге шақырғанына алғыс айтып, Иранмен балық өнеркәсібі, мұнай мен газ өндіру, технологиялық парктер салу, ауыл шаруашылығы, білім беру, бөгет және жол салу салаларында әріптестік жасауды қалайтынын білдірді.