Раиси: Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымымен әріптесуге дайын
Иран Президенті Теһран үкіметінің түрлі салаларда ШЫҰ-на мүше елдермен әріптесуге дайын екенін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Өзбекстанға сапарының екінші күнінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Минмен кездесіп, ИИР-дың осы ұйымға мүше болу үдерісін баяндап, Иранның саясат, экономика, транзит және технология салаларындағы ауқымды әлеуеттерімен таныстырды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы да осы ұйым хатшылығының Иранды аймақтық ұйымның тұрақты мүшесі етіп қабылдау шараларына тоқталып: "Кеше Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахианның қатысуымен Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылу хаттамасына қол қойылды. Хаттама 40 құжаттан тұрады",-деді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының айтуынша, келер жылы Иран ШЫҰ-ның тұрақты мүшесі ретінде осы ұйымның саммитіне қатысады.
Чжан Мин: "Иран – ірі әрі ықпалды ел. Ол аймақ және әлем қауіпсіздігін сақтауда айшықты рөл ойнай алады",-деді.