Қыр 18, 2022 18:50 Asia/Almaty

Дүниежүзілік күрес федерациясы әлем чемпионатында ирандық палуанның америкалық палуанды жеңіп, алтын алғанын мадақтады.

Дүниежүзілік күрес федерациясы ирандық палуан Камран Қасымпур мен америкалық палуан Джейден Кокстың күресін сараптай келіп: "Иран өкілі финалда осы елдің күресін қайта жандандыруға күш салды",-деп жазды.

92 кг салмақтағы ирандық палуан Камран Қасымпур финалда америкалық Джейден Коксты жеңіп, Иран үшін алғашқы алтын медальға қол жеткізді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік күрес федерациясы Сербияда Иран алғашқы алтын медалін алғаннан кейін: "Камран Қасымпур 92 кг салмақтағы палуандардың финалында Иранның еркін күрес саласындағы айбынын қайтаруды көздеді",-деп жазды.

Иранның еркін күрес командасы Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында осы күнге дейін 1 алтын, 2 күміс және 2 қола алып, 95 ұпай жинады.

Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы күнінде Иранның екі палуаны финалға шықты.

Рахман Амузад Халили мен Реза Атри – Иранның финалистері. Олар АҚШ және Жапонияның өкілдерімен белдесулері керек. Ал Мұхаммед Хұсейн Мұхаммадиан қола үшін белдесетін болады.   

Тегтер