Иран Президенті БҰҰ-ның біржақты әрекеттерге қарсы шынайы рөл атқаруын қуаттады
ИИР Президенті БҰҰ-ның біржақты әрекеттерге қарсы шынайы рөл атқару қажеттілігін қуаттады.
IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Ибрахим Раиси БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кездесуінде бұл ұйымның халықтарға өз мәселелерін шешу рөлін беру және бөгделердің олардың ішкі істеріне араласуының алдын алудағы ұстанымының маңыздылығына тоқталып: «Біріккен Ұлттар Ұйымы құдыреттілердің емес, ұлттардың шынайы ұйымы болуы керек»,- деді.
Раиси Иранды көршілес елдер үшін қиын уақытта дос деп атап, Иранның ауғандық иммигранттарға пана берудегі гуманитарлық әрекеттерін, сондай-ақ лаңкестікпен аймақ пен әлем үшін үлкен қауіп ретінде байыпты күресіне назар аудартып: «НАТО мен АҚШ-тың біздің аймақтағы нәтижесі соғыс, қирату, басып алу және қырып-жою болды»,- деп айтты.
Осы кездесуде Гутерриш те Иран Ислам Республикасының ауған босқындарына үздіксіз баспана беруін және Йемендегі соғысты тоқтатудағы рөлін жоғары бағалап, АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуын тиімсіз және өте алаңдататын әрекет деп атады.