Медведев: Қырым көпіріне жасалған лаңкестік шабуылға қатаң жауап беріледі
Ресей Қауіпсіздік күштері төрағасының орынбасары Қырым көпірінде болған жарылыстан кейін: «Ресей Украинадағы лаңкестерді жою арқылы осы көпірге жасалған шабуылға жауап беруі керек»,-деді.
Дмитрий Медведев: «Ресей тек лаңкестерді тікелей өлтіру арқылы ғана бұл қылмысқа жауап бере алады. Әлемнің басқа жерлерінде де осылай істейді. Ресей азаматтары осыны күтеді»,-деді.
Медведев бұл қылмысты «Украинаның жеңіліс тапқан үкіметі» жасады деп отыр.
Ресейдің бұрынғы президенті: «Бұл – қылмыскер Киев режимі тарапынан жасалған лаңкестік әрекет. Бұған еш күмән жоқ. Барлық есептер беріліп, нәтиже шығарылды»,-деп баса айтты.
Қырым көпірі бұл түбекті Ресей құрлығымен байланыстырады. Қырым түбегі 2014 жылғы референдумнан кейін Украинадан бөлініп, Ресейге қосылды.