Ресей Украинаға қарсы зымырандық шабуылдарын күшейтті
(last modified Mon, 10 Oct 2022 11:58:39 GMT )
Қаз 10, 2022 17:58 Asia/Almaty
  • Ресей Украинаға қарсы зымырандық шабуылдарын күшейтті

Қырым түбегінде Керч көпірі жарылғаннан екі күн өткен соң Ресей Украина астанасы Киев пен оның айналасына әуеден шабуыл жасады.

Дүйсенбі, 10 қазанда халықаралық ақпарат құралдарында Киев пен оның айналасындағы қалаларда жойқын жарылыстар болғаны туралы ақпараттар тарады.

Украина қалаларының көбінде әуе-қорғаныс кешендері іске қосылды. Бүкіл елде әуеден шабуыл жасалу ықтималын ескертетін дабыл қағылды.

Киевпен қоса, Украинаның басқа қалалары, соның ішінде Днепр, Житомир, Львов пен Запарож Ресей зымырандарының шабуылына ұшырады.

Ресейдің әуе шабуылдары қайта басталғаннан кейін осы ел Қауіпсіздік кеңесінде Владимир Путин бастаған жиналыс өтті.

Путин бұл жиналыста: «Біз тұрақтылықты кепілдендіру үшін жағдайды шынайы мәліметтер негізінде бағалаймыз»,-деді.

Украина Президенті Володимир Зеленский Ресей армиясының елдің түрлі қалалары, соның ішінде Киевке ондаған зымыран атып, ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасағанына тоқталып,  Германия канцлері Олаф Шольц пен Франция Президенті Эммануэль Макроннан бұл шабуылдарға кесімді де қатаң жауап беруін сұрады.  

Тегтер