Соңғы тәулікте украин әскерлері ауыр шығыны көрді
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы соңғы тәулікте украин әскерлеріне үлкен шығын келтіргенін хабарлады.
IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Игорь Конашенков украиналық күштердің соғыстың әртүрлі бағыттағы ілгерілеу әрекетінің сәтсіз болғанын және 150-ден астам сарбаздың қаза тауып, Харьков, Херсон және Николаев облыстарындағы төрт командалық орталық жойылғанын, украин әскерлерінің 21 «Хаймарс» және «Улхай» зымырандарын атып түсірілгенін мәлімдеді. Ол: «Ресей күштерінің ауыр атыстарының нәтижесінде Украина қарулы күштерінің бөлімдері өз позицияларына шегініп, 25-тен астам украин әскері қаза тапты, бірнеше танкі, бес броньды әскери көлік және олардың төрт шағын жүк көлігі жойылды»,- деді.
Соңында Конашенков: «Арнайы әскери операциялар басталғаннан бері Украинаның 325 жойғыш ұшағы, 162 тікұшағы, 2326 ұшқышсыз ұшақ, 383 әуе қорғаныс жүйесі, 6020 танк пен броньды техника, 874 зымыран тасығыш, 3521 артиллериялық снаряд пен миномет және 6741 арнайы әскери көлігі жойылды»,- деп айтты.