Ирандық ұшқышсыз ұшақтардың Тәжікстанда жасалғаны туралы уәждер теріске шығарылды
Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі украин тілшісінің Украинада қолданылып жатқан ирандық ұшқышсыз ұшақтардың Тәжікстанда жасалғандығы туралы уәждерін теріске шығарды.
Украина мен Батыс елдері Иранды Украинаға қарсы қолдану үшін Ресейге әскери дрондар жіберді деп айыптап отыр. Ресей мен Иран бұл айыптауларды теріске шығарды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстан СІМ өз мәлімдемесінде украин тілшісі Дмитрий Гордонды Тәжікстан территориясында ирандық дрондар жасалатыны туралы теріс ақпарат таратқаны үшін сынап, одан оқырмандардың сеніміне ие болу үшін ақпараттың дұрыстығын тексеруге көбірек назар аударуға шақырды.
Бұған дейін Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс өнеркәсібінің мемлекеттік комитеті де ұқсас мәлімдеме жасап, Гордонның ирандық дрондар Өзбекстан жерінде монтаждалады деген уәждерін теріске шығарған болатын.