Медведев: Дұшпандардың барлығын тозақ отына жібереміз
https://parstoday.ir/kz/news/world-i65300-Медведев_Дұшпандардың_барлығын_тозақ_отына_жібереміз
Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары: "Ресейдің Қарулы күштері дұшпандардың барлығын тозақ отына жібере алады",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 04, 2022 16:53 Asia/Almaty
  • Медведев: Дұшпандардың барлығын тозақ отына жібереміз

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары: "Ресейдің Қарулы күштері дұшпандардың барлығын тозақ отына жібере алады",-деді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дмитрий Медведев Ресейдің Ұлттық бірлік күніне орай жасаған жолдауында Ресей мен Украина соғысын сайтанға қарсы қасиетті күрес деп атады.  

Дмитрий Медведев: "Ресей Украинада Батыс елдері қолдап отырған "нашақор әрі есалаң нацистермен" күресіп жатыр",-деді.

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары: "Ресейде түрлі қару-жарақ бар. Ол дұшпандардың барлығын тозаққа жібере алады",-деді.

Дмитрий Медведев бұған дейін "Ресей қару-жарақ түрлерін, соның ішінде танк, мылтық, жоғары дәлдікке ие зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар өндірісін арттырып жатыр" деген болатын.

Медведев дұшпандарға: "Мәскеуде қару-жарақ тапшылығы болады деп үміттенбей-ақ қойыңыздар",-деді.