Жел 01, 2022 20:40 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркіменстан арасында электр қуатын тасымалдау көлемін арттыру керегі баса айтылды

Иран Энергетика министрінің Түркіменстанда өткізіп жатқан кеңестерінің жалғасында қос тарап электр қуатын тасымалдау көлемін арттыру және туындаған кедергілерді жою керегін баса айтты.

Иран Энергетика министрі Әлиакбар Мехрабиан мен Түркіменстан Министрлер кабинетінің орынбасары Пурчеков кездесіп, екі елдің энергетика саласындағы әріптестігін дамыту туралы кеңесті.

Осы отырыста қос тарап Түркіменстан газын Иранға импорттау туралы келісімшартты 2023 жылы ұзартуға келісті.

Түркіменстанның Иранға электр қуатына байланысты қарызын өтеу жолдары да осы отырыста талқыланып, келісілді. Сондай-ақ Сарахс-Мари-Мешхед бағытында үшінші электр желісін салу жобасына қатысты да келісім жасалды. Бұл жоба орындалса, екі елдің электр қуатын алмасу көлемі артады.

Тегтер