Ялда түні Иран мен Ауғанстанның атынан тіркелді
Ялда немесе Челле түні Иранның он тоғызыншы рухани мұрасы ретінде ЮНЕСКО-да тіркелді.
Иран мен Ауғанстан бірлесіп дайындаған "Ялда немесе Челле түні" құжаты көптеген ел өкілдерінің сын-пікірлеріне қарамастан, ақырында ЮНЕСКО-ның рухани мұраны қорғауға арналған үкіметаралық комитетінің 17-ші отырысында бекітілді.
Иран "Ялда" ісін 2014 жылы ЮНЕСКО-ға бірнеше ұлтқа тиесілі рухани мұра ретінде тіркеуге тапсырды. Бірақ алты жыл бойы ешбір ел бұл істі қолдауға ниет білдірмеді.
Иран ақырында бұл істі Ауғанстанмен бірге ЮНЕСКО-ға ұсынды.
"Ялда түні" рәсімі 2008 жылы 19 желтоқсанда Иранның ұлттық мұра тізіміне тіркелген болатын.
"Ялда" ісінде былай делінген: Ялда – Күннің нұры мен жылуының артқаны тойланатын көне мейрам.
Иранның күнтізбесінде солтүстік жарты шардағы қыстық ауысым 1 дей – 22 желтоқсанға белгіленген. Бұл күн осы аймақта күннің ұзару үдерісінің басталуымен тұспа-тұс келеді.