Болашақта Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан арасында газ одағы құрылады
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы жақын болашақта Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан арасында газ одағы құрылатынын хабарлады.
Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан басшылары жуырда осы үш ел арасында газ одағы құруға шешім қабылдады. Бұл одақты құру жобасы Ресей Президенті Владимир Путин тарапынан ұсынылды.
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: "Ресей, Қазақстан мен Өзбекстанның ерекшеліктерін ескере отырып, осы үш ел арасында газ одағын құру идеясы ұсынылды. Онда үш елдің де мүддесі қамтамасыз етіледі",-деді.
Песков: "Бұл одақ осы маңызды аймақта ауқымды территорияны қамтитын болады. Қуат көздерімен қамтамасыз ету жолдары газды үш елге жеткізетін болады",-деді.
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы: "Қазақстан мен Өзбекстанда экономикалық дамуға байланысты газға сұраныс күн санап артып келеді. Мұнымен қоса, бұл екі ел шетелдік нарықтара да сауда жасайды",-деп еске салды.