Ресей газын Қазақстан мен Өзбекстанға жеткізу артады
(last modified Tue, 27 Dec 2022 13:48:48 GMT )
Жел 27, 2022 19:48 Asia/Almaty
  • Ресей газын Қазақстан мен Өзбекстанға жеткізу артады

Ресей премьер-министрінің орынбасары Мәскеудің Қазақстан мен Өзбекстанның ішкі нарығына газ жеткізуді арттыру мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.

 

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин «ТАСС» агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан мен Өзбекстан Мәскеумен үштік газ одағын құруға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Газ одағын құру идеясын Кремль Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары кезінде ұсынған болатын.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак: «Біз қазақстандық және өзбекстандық әріптестерімізбен олардың ішкі нарығын газбен қамтамасыз етудің өсуі туралы сөйлесіп жатырмыз, өйткені олардың тұтынуы артып келеді»,- деді.